Жаңалықтар

Әйелін 11 жыл бойы ұрып келген экс-әкімге сот үкім шығарды

Әйелін 11 жыл бойы ұрып келген экс-әкімге сот үкім шығарды
Фото: gov.kz/instagram.com/umbetkaliyeva_notarius 19.06.2024 11:34 2206

Атырау облысындағы Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовке сот үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Мамыр айында бұрынғы әйелі Ринат Ибрагимовтың өзін ұрып-соққанын айтып, әлеуметтік желіге видео жүктеген еді. Ақмарал Үмбетқалиеваның сөзінше, ер адам 11 жыл бойы отбасы болып бірге тұрған уақытта балалардың көзінше оған қол көтеріп келген және балаларын бір жыл бойы көрсетпеген. Алайда шенеунік мұның бәрін жала екенін айтты. 

Сотта Ринат Ибрагимов ҚР қылмыстық колдекстің 107- бабы, 2-бөлімінің 3-тармағы, яғни,«қасақана түрде адам денсаулығына зақым келтіру» бойынша кінәлі деп танылды.  

Ринат Ибрагимов айыпты деп танылсын және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалады. Жазаны өтеу кезінде айыпты мемлекеттік органдардың хабарынсыз тұрғылықты мекен-жайын және жұмыс орынын ауыстыруға тыйым салынады. Сондай-ақ Атырау облысынан шығуға тыйым салынады.Тұрғылықты жерінен сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін шығуға, алкагольдік ішімдіктер ішетін орындарға және құмар ойын ойнайтын жерлерге де баруға тыйым салынады. Одан Ақмарал Үмбетқалиеваға келтірген моральдық зақымдары үшін 2 миллион теңге өндіріп алынсын, – деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға