Жаңалықтар

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 26.05.2023 10:00 2518

Азамат Болатов – Қазақ ұлттық өнер университетінің 2020 жылғы түлегі. Жасы – 25-те. Азамат кішкентай кезінен өнер саласына жақын болған. Ол «Музыкалық драма» мамандығы бойынша білім алған.

Мен Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқыдым. Оқу орнында көбіне оркестрде өнер көрсетіп жүрдік. Сондықтан жеке өзіңе аса көңіл бөліне бермейтін еді. Сөйтіп, уақыт өте келе топта ғана жүре бермей, сахнаға шығып, жеке өнер көрсеткім келетінін түсіндім. Осылайша 9-сыныптан кейін Қазақ өнер академиясының колледжіне оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін арман қуып Астанаға келдім, - дейді актер.

Бүгінде Азамат музыкалық жас көрермен театры ашылғалы бері аянбай қызмет етіп келеді. Біз актердің жұмысымен жақынырақ танысу үшін театрға бардық.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Азаматтың жұмысы таңғы сағат 10:00-де басталады. Ол театрға бара салысымен 1,5 сағат бойы кәсіби деңгейде хореографпен бірге дайындық жүргізеді. Одан кейін 30 минуттай үзіліс жасап алып, сағат 12:00-13:00 аралығында хорға қатысады. Әртістермен бірге қойылымда шырқалатын барлық әндерді қайталайды. Хордан шыққаннан соң түскі асын ішіп, әрмен қарай жаңа қойылымдарға дайындық кезеңіне қатысады. Содан кейін барып кешке қоятын қойылымына дайындалады екен.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Біз алдымен кейіпкеріміздің кешкі спектаклге дайындық кезеңін бақылап қайттық. Кешке ол перфоманс жанрындағы «Үнсіздік» қойылымында Диастың рөлін сомдайтын болады.

Біз «Үнсіздік» арқылы қазіргі заманда көп аңғарылмай жатқан әлеуметтік мәселелерді көтереміз. Қойылымдағы әр кейіпкердің өмірге деген өзіндік көзқарасы, ұстанымы бар. Оны біз сахна арқылы көрермендерге жеткіземіз. Мен әйелімен күнде сорпа дайындай бергені үшін ұрысып, ажырасып кететін ер азаматтың рөлін сомдаймын, - деді ол.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Актер жігітке алғашында «Үнсіздік» қойылымындағы рөлін ойнау оңай болмаған. Себебі кейіпкері Диас пен өзінің мінезі бір-бірімен сәйкес келмейді.

Мен өмірде мүлде ұрыспаймын. Әр нәрсені жай сөзбен айтып түсіндіруге, көбіне үндемеуге тырысамын. Өзімдікі дұрыс не дұрыс емес болса да кешірім сұрай салғанды жөн көремін. Сондықтан бұл кейіпкердің болмысы маған қарама-қайшы болды, - деді актер.

Азамат өзінің рөлін мінсіз алып шығу үшін жұбайына бір апта бойы күнде «сорпа» тағамын дайындатқан. Осылайша кейіпкерінің жағдайын өз басынан өткізіп тәжірибе жинақтаған.

Актердің әріптесі Гүлден Құрмет Азаматтан көп дүниені үйренгенін айтады.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Азамат «Үнсіздік» спектаклінің премьерасынан бастап өнер көрсетіп келеді. Сондықтан ең алғаш осы рөлге ие болған кезде әріптесім қолдау білдіріп, көмек көрсетті. Маған Азаматпен жұмыс істеген ұнайды. Оның театр саласындағы тәжірибесі менен көп, - деді Гүлден.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Спектакль басталмас бұрын Азамат Болатовты біраз әңгімеге тарттық. Актер бізге жұбайы Дана Верещакпен бір университетте оқығанын, қазіргі таңда бірге жұмыс істейтінін айтты. Екеуінің Сафия есімді кішкентай қызы бар. 

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Азамат пен Дана бір театрда жұмыс істесе де, ешқашан ғашықтардың рөлін сомдап көрмеген екен.

Жұбайым екеуміз сахнада мүлде жұп болып ойнап көрмегенбіз. Мәселен, мен «Шәмші» спектаклінде бір рөлді сомдап жүрсем, ол Шәмшінің ғашығы болып ойнап жүреді. Міне, екеуміздің бір қойылымда ойнайтын рөлдеріміз осындай. Алайда болашақта әйеліммен бір жұптың рөлін сомдап көргім келеді. Өте шынайы шығады деген ойдамын, - деді актер.

Азамат қазіргі таңда театрға келетін, қызығатын жастардың саны жыл санап артып келе жатқанын айтады.

Қазір театрға келетін көрермендердің 80-90 пайызы жастар. Олардың көпшілігі 17-25 жас аралығындағылар. Біз сол көрермендерге өте жақсы тәрбие беріп жатырмыз деп ойлаймын. Өйткені әр қойылымымызбен адамдарға түрлі ой тастауға тырысамыз, - деді ол.

Әңгіме барысында актер жігіт сахнада болған бір қызық жағдайымен де бөлісті.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

«Шәмші» мюзиклінің премьерасына шыққан кездегі бір оқиғаны айтып берейін. Мен басты кейіпкер Шәмшінің рөлін сомдаймын. Қойылымда Шәмшінің анасы қайтыс болатын бір сәті бар. Сол жерде Шәмшінің «Ана туралы жыр» әнін орындауым керек еді. Сахнада қобалжығаннан әннің сөзін ұмытып қаламын. Сахнаға оркестр мен хор шығып қойған. Содан тұрып мен өлеңнің шумағын айтудың орнына «Әлдилеп, аялап өсірген жемісін» деп қайырмасын шырқап кетемін. Сол кезде сахна сыртынан біреу «Даланың әр гүлін жинадың сен маған» деп сөзін айтып жібереді. Сөйтіп барып өлеңнің шумағын жалғастырып кеткен кезім болған, - деді Азамат.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Азамат әңгімелесіп болғаннан кейін қойылымның басталуына 1,5 сағат уақыт қалғанда бет әрлеу бөлмесіне кіріп, сахналық образына дайындалды.  

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Кешкі сағат 19:00 бола салысымен «Үнсіздік» спектаклі басталды. Зал көрерменге лық толы болды. Біз де орнымызға жайғасып, кейіпкеріміздің өнерін тамашалап қайттық.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Азамат сахнада әріптесі Гүлденмен бірге бағанағы сорпа үшін ұрысатын ерлі-зайыптының образын жоғары деңгейде алып шықты.

«Әйеліммен бір жұптың рөлін сомдағым келеді». Актердің бір күні

Қойылымға келген көрермендер актерлерге қол шапалақтап, өнеріне тәнті болып қайтты.

Актер жігіттің жұмыс уақыты әдетте спектакль болмайтын күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Ал Азамат қойылымда өнер көрсеткендіктен театрдан тек кешкі сағат 22:00-де шықты. Осылайша ол аптаның 6 күнін жұмысқа, тек бір күнін ғана демалысқа арнайды.

Азамат Болатовтың алға қойған үлкен мақсаттары да бар. Ол телеарнада өзін жүргізуші, диктор ретінде сынап көргісі келеді. Сондай-ақ актер ретінде театр мен кинодағы рөлін қатар алып, Қазақстанның өнер саласының дамуына үлес қосуға ниеті бар.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға