Жаңалықтар

«Әйелі тірі шығар деп үміттенемін». Бишімбаевтың айқай-шуын естіген куәгер мән-жайды айтты

«Әйелі тірі шығар деп үміттенемін». Бишімбаевтың айқай-шуын естіген куәгер мән-жайды айтты
Фото: Видеодан кадр 09.04.2024 10:15 14483

Астанада Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев арасында жанжал болған түні мейрамхананың қабырғасын бояған куәгер сотқа келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сол түні куәгер, жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер Мейірбеков пен мейрамхана әкімшісі Қарлығаш хат жазысқан. 

02:27 Мейірбеков: Директор қайтып келді. VIP бөлмеде отыр.

Қарлығаш: жауап жоқ

06:35 Мейірбеков жасаған жұмыстарының суретін жібереді.

Картиналар ілінген қабырғаны бояуға рұқсат берген жоқ. Қуандық шу шығарып жатыр.

06:56 Колонна мен терезе жақты боядым.

06:57 Менің ойымша, вип бөлменің астаң-кестеңін шығарды. Әйелі тірі шығар деп үміттенемін.

07:49 Қарлығаш: Кешіріңіз.

07:50 Мейірбеков: Маска киіп, шоу ұйымдастырғандай болды.

07:50 Қарлығаш: Қалай сонда?

07:50: Мейірбеков: Жалаңаш денесіне костюм киіп алған.

07:50 Қарлығаш: Олар әлі сонда ма?

07:50 Мейірбеков: Біз кетіп қалдық. Ол ұрып жатты немесе мүлікті бүлдіріп жатты. Кетіп қалдық.

07:50 Қарлығаш:Дұрыс істегенсіздер. Ол ішпеді ме?

07:50 Мейірбеков: Мен сізді хат жазып, оятып жібермедім бе? Кешірім өтінемін.

07:50 Қарлығаш: Жоқ, менің телефоным дыбыссыз режимде тұр.

Мейірбеков: Ол ішіп алған, мас.

Қарлығаш: Ол қалай алып жүр?

Мейірбеков: Әйнек есікті жұлып ала жаздады.

Қарлығаш: Күзетші болмады ма?

Мейірбеков: Жоқ, ас үйді қиратты.

Қарлығаш: Құрсыншы, барлық әйнекті сындырып бітті.

Мейірбеков: Камера бар емес пе?

Қарлығаш: Бәрін соның мойнына ілемін. Құрсыншы, жұмысқа 11-де баруым керек.

Ал адвокаттардың "Неліктен полиция шақырмадыңыз?" деген сұрағына куәгер "10 күн бұрын да дәл осындай жағдай болған" деп, араласпауды құп көргенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға