Жаңалықтар

«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: ІІМ әнші Қамидің сөзін тексерді

«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: ІІМ әнші Қамидің сөзін тексерді
Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev 15.08.2024 13:29 2059

ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидың сөзіне қатысты жолданған арызды қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің «күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіреді» деген сөзінен кейін Саида Кастанеда (Саида Сисембаева) атты азамат әншінің үстінен арыз жазған еді.

Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Ұ.Камиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын, – деп жазды Саида Сисембаева Facebook-те. 

Саида Сисембаева жазбасымен қоса ІІМ шешімін де жариялады.

Камиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында диалог жүргізіп, жазылушылар қойған сұрақтарға жауап берген. Осылайша ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, - делінген ІІМ-нің жауабында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға