Бүгiн, 09:40

Әйелдер спортты алғаш рет дәстүрлі садақ атудан бастаған

Ұлттық спортқа әлі де қолдау керек /Оңтүстік Корея біздің дәстүрлі садақ ату спорты туралы деректі фильм түсірді «Жанкүйер» подкастының ұлттық спорт күніне арналған шығарылымында ұлттық спорт және дәстүрлі садақ ату спортының жәй-күйін талқыладық. Сондай-ақ, осы спорт түрі туралы Бақберген Сәлімовтың «Дәлдік пен рух» атты кітабының тұсауы кесілді. Осы подкасттың астына ұлттық спорттың дамуына жол сілтейтін ең ұтымды деген пікір жазған екі кісіге автордың қолтаңбасы қойылған кітапты сыйлайтын боламыз. Сондықтан, пікірлеріңізді жаза кетіңіздер! Студия қонақтары: Бақберген Сәлімов, республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының атқарушы директоры, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Айкөркем Батихан, дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионы.

Бөлісу: