Жаңалықтар

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: қыздарымыздың қарсыластары анықталды

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: қыздарымыздың қарсыластары анықталды
Фото: ҚР ҰОК 27.03.2025 11:10 541

27 наурызда Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен жарыстар басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық балуандардың жарыстың алғашқы күніндегі қарсыластары белгілі болды:

- 50 келі, ширек финал: Светлана Анкичева - Ю Лин (Қытайлық Тайбэй) немесе Ти Донг (Вьетнам)

- 53 келі, іріктеу: Зейнеп Баянова - Сон Ён Парк (Оңтүстік Корея) 

- 55 келі, ширек финал: Зулфия Яхьярова - Отгонтуи Маянмух (Моңғолия) немесе Ёрим Ли (Оңтүстік Корея)

- 57 келі, іріктеу: Нилуфар Раимова - Нехой Шарма (Үндістан) 

- 59 келі, ширек финал: Гүлдана Бекеш - Сарбиназ Жиенбаева (Өзбекстан) немесе Пиол Хон (Солтүстік Корея) 

- 62 келі, іріктеу: Тыныс Дүбек - Маниша (Үндістан) 

- 65 келі, іріктеу: Гауһар Мұқатай - Дю Тон Лаи (Вьетнам)

- 68 келі, ширек финал: Ирина Казюлина - Зелу Ли (Қытай)

- 72 келі, ширек финал: Жәмилә Бақбергенова - Сехи Ким (Оңтүстік Корея)

- 76 келі, ширек финал: Эльмира Сыздықова - Ми Янг Ким (Солтүстік Корея)

Айта кетейік, жарыстар Астана уақытымен сағат 13:30-де басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға