Жаңалықтар

Әйелдер боксынан жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды

Әйелдер боксынан жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды
Фото: pixabay.com 22.05.2023 05:27 515

Петропавл қаласында әйелдер боксынан Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт жылда бір рет өтетін айтулы дода қорытындысында олимпиадаға қажет ұпайлар сарапқа салынатын Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды.

Жарыста 19 өңірден келген 90-нан астам былғары қолғап шебері бақ сынады.

Салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар:

48 кг: Алуа Балқыбекова (Алматы қ),

50 кг: Назым Қызайбай (Алматы қ),

52 кг: Жазира Орақбаева (Алматы қ),

54 кг: Жайна Шекербекова (Шымкент қ),

57 кг: Карина Ибрагимова (Ақмола обл),

60 кг: Римма Волосенко (Астана қ),

63,5 кг: Аида Əбікеева (Астана қ),

66 кг: Наталья Богданова (Петропавл қ),

70 кг: Мәдина Нұршаева (Шымкент қ),

75 кг: Валентина Хальзова (Астана қ),

81 кг: Гүлсая Ержан (Қызылорда обл),

+81 кг: Лəззат Күнгейбаева (Астана қ).

Карина Ибрагимова спартакиаданың үздік боксшысы атанды.

 

Жалпы есепте Астана қаласының командасы 4 алтын, 1 қола медальмен оқ бойы озық шықты.

8 жүлдеге (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) ие болған Алматы қаласы екінші орынға көтерілді. Үздік үштікті Шымкент боксшылары түйіндеді (2 алтын, 4 күміс).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға