Әйелдер арасында сұранысқа ие салалар анықталды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
06.03.2024 16:51
753
HeadHunter компаниясының сарапшылары еңбек нарығындағы жағдайға пандемия қатты әсер еткенін алға тартады. Бұл жайт әйелдердің жұмысына да өз әсерін тигізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қашықтан жұмыс істеу және өзгертуге болатын жұмыс кестесі нәзікжандылардың негізгі жұмысын да, бала күтіміне байланысты демалыс кезінде қосымша жұмыс атқаруға да себеп болды.
2023 жылы әйелдер ең көп жұмыс істеген топ бес сала:
- медицина, фармацевтика, дәріханалар (75%);
- бухгалтерия (по 69%);
- қызметкерлерді басқару (61%);
- білім беру мекемелері (59%);
- өнер, мәдениет (56%).
Әйелдер ең аз баратын салалар: тау-кен өнеркәсібі – 27%, ауыр машина жасау – 22% және автомобиль бизнесі – 19%.
Сонымен қатар әйелдер арасында сұранысқа ие салалар қатарына сауда-саттық, бухгалтерия және әкімшілік қызметтер кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді