Жаңалықтар

Әйел жаңа туған нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген

Әйел жаңа туған нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА 22.04.2025 16:09 397

Қызылорда-Астана пойызында жантүршігерлік жағдай болды. Жолаушылардың бірі бала босанып, оны терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 20 сәуір күні болған. Пойыз Қарағанды станциясынан өткеннен кейін жолсерік санитарлық аймақтан қанды байқаған.  Жолаушылардың бірі қанның іздері арқылы көрші купедегі әйелді анықтап, оның жатын орны қанға малынып жатқанын аңғарған. Кейін оның жаңа босанғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексерудің нәтижесіне қарай, сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жауап берді Көліктегі полиция департаменті.

Кейінірек пойыз жолының жиегінен нәрестенің денесі табылған. Өкінішке қарай, сәби тірі қалмады.

Аталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға