Жаңалықтар

Әйел адам жалақысын өзіне жұмсауы керек – Зарина Омарова

Әйел адам жалақысын өзіне жұмсауы керек – Зарина Омарова
Фото: Видеодан кадр 01.12.2023 19:47 5936

Әнші Зарина Омарова әйелдердің табыс табуына қатысты пікірін бөлісті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ер азаматтың жалақысы үйге, ал әйел адамның жалақысы өзіне жұмсалуы керек. Өйткені, әйел адам бәрібір сол ақшасын үйіне жаратады. Балаларға кетеді. Өзіне көңіл бөліп, салонға баратын шығар. Негізінен ер адамдар көзбен жақсы көреді ғой. Сол себепті ол күйеуінің алдында әдемі боп жүруі керек. Өз-өзіне күтім жасайды. Жас келе көп әйелдер жасарып, құлпыра түседі. Ал кейбірі басқаша болып кетеді. Күйеуінің алдында кір-кір киім кимей, әдемі көйлек киіп жүрсін. Кейбір жеңгелеріміз «ой олай жүруге уақыт жоқ қой» деп жатады. Алайда, әдемі боп жүруге уақыт тапқан жөн, - дейді Зарина Омарова «ОЯН!» бағдарламасында берген сұхбатында.

Желі қолданушылары әншінің бұл ойын жақтап, келісіп жатыр.

"Бізде еркектікі өзіне, әйелдікі отбасын асырауға боп жүріп жатырмыз. Ондайлар толып тұр деп ойлаймын", "Әрине, солай болуы керек", "Қолдаймын", - деп жазды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға