Айдын Рахымбаев Украинада аурухана салады
Фото: facebook.com/rakhimbaev
Фото: facebook.com/rakhimbaev
17.04.2023 11:43
1067
Қазақстандық кәсіпкер, BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Украинада өз қаражатына аурухананы қалыпқа келтірмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Украинаға гуманитарлық сапармен барған кәсіпкер елдегі көрініс адам шошырлық екенін айтады.
Украинаға барып келдік, ол жақтағы жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмайсың, бірақ қарапайым халық нағыз ерлік танытуда. Қаңырап қалған үйлер өз үйін, елін, жерін қорғаймын деп құрбан болғандарға ескерткіш секілді, - дейді Рахымбаев.
Соғыс жалғасып жатқанымен, адамдар босатылған аудандарға қайта оралып жатыр. Сондықтан қазақстандық кәсіпкер тас-талқаны шыққан аурухана бөлімшесін қалыпқа келтіруге күш салмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды