Айдарбек Сапаров СҚО-ның өзекті мәселелерін айтты
Айдарбек Сапаров облыстың өзекті мәселелерін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәлімдеді.
Мәселен, 2023 жылы жолдың жағдайын жақсартуға 24 миллиард теңге қарастырылған. Дегенмен, 2026 жылға қарай жолдың сапасын 95 пайызға жеткізу үшін жыл сайын 40 миллиард теңгеге жуық қаржыландыру қажет.
СҚО әкімі сумен қамту мәселесіне де тоқталды. Әсіресе, топтық су құбырларының іске қосылуы өзекті мәселе. Ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін бұл жобалар бойынша жұмысты жеделдету қажет.
Айдарбек Сапаров бөлек денсаулық сақтау саласына да тоқталды. Солтүстікқазақстандықтарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін Петропавл қаласында көпсалалы облыстық аурухана құрылысын жалғастыру қажет.
«Жеке серіктес құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, бас ғимаратты 54 пайызға көтерді. Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш – жеке серіктеспен бірлесіп, жобалық құжаттаманы рәсімдеуді тездетіп, құрылысты қайта бастау қажет», — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Облыс әкімі өңірге газ келмегенін, бұл мәселе инвесторларды тарту және халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік бермей отырғанын атап өтті.