Жаңалықтар

Айдарбек Сапаров Қостанай облысы элеваторларының жұмысын тексерді

Айдарбек Сапаров Қостанай облысы элеваторларының жұмысын тексерді
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі 12.09.2024 01:28 425

Өңірге жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы министрі элеваторлардың жаңа егін қабылдау жөніндегі жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай қаласындағы ұн диірменіне бару барысында Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының қолдауымен ағымдағы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 580 млрд. теңге бөлінгенін, оның 100 млрд. теңгесі ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне көзделгенін еске салды.

Біздің алдымызда тұрған басты міндет - егінді уақтылы және сапалы жинап қана қоймай, оны сақтау. Әкімдіктер ауыл шаруашылығы құрылымдарына жан-жақты қолдау көрсетуі тиіс. Қажет болған жағдайда элеваторлардың жұмысын екі ауысымда ұйымдастырыңыз, - деді министр мемлекеттік органдарға.

Айта кетейік, өңірде егін жинауға жоспарланған 4,3 млн. гектар алқаптан 1,1 млн. гектар алқап жиналып, 1,4 млн тонна астық бастырылды.

3 млн тонна сақтау сыйымдылығы бар АШТӨ-нің 37 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жаңа егінді қабылдауға дайын. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында сыйымдылығы 5,3 млн тонна астық қоймалары бар. Элеваторлар бір ауысымда жұмыс істейді, қажет болған жағдайда тәулік бойы режим енгізіледі.

Өңірде сондай-ақ ылғалды астықты кептіру бойынша шаралар қабылданды, 403 астық кептіру агрегаты бар. Оның 105 - і астық қабылдау кәсіпорындарына, 298-і ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі. Кептіргіштердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін 13,2 мың тонна дизель отыны бөлінді. Жалпы, облыстың дала жұмыстарын жүргізуге 83 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Айта кетейік, Қазақстанда жалпы сақтау сыйымдылығы 13,2 млн. тоннадан асатын 191 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. АШТӨ-де 15,8 млн. тонна астық сақтау сыйымдылығы бар. Сыйымдылықтардың бұл көлемі болжамды егінді ескере отырып, астықты сақтауға жеткілікті.

АҚП және елдің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1,3 мың астық кептіргіш бар, жыл соңына дейін тағы 80-нен астам агрегат сатып алу жоспарлануда. Осы мақсатта астық кептіргіштерді жылдық 9%-бен жинау кезеңінде сатып алуға кредит беру үшін қаржы құралы әзірленді. Ауыл шаруашылығы техникасының осы түрі құнының 30% -н мемлекет субсидиялайды. Фермерлерден 260 млн теңгеге 6 өтінім келіп түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға