Айдана Меденова мүлде ән тыңдамай кеткенін айтты
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage
01.08.2023 13:39
1623
КешYou тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова хиджаб киіп бастағалы өзі ән айтпақ түгілі әнді тыңдамай қойғанын да айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншіге оқырмандардың бірі «Енді ән айтпайсыз ба?» деп сауал қойған.
Музыкадан алшақтап кеткенін айтқан Меденова қазір де әннен қол үзгенін айтты.
Жоқ. Ең қызығы, тіпті тыңдамаймын қазір. Жалпы, маған қиын болады деп ойлағанмын кезінде... Керісінше, Алла маған жеңілдетіп қойды бәрін, өзімнен-өзі музыкадан алшақтап кеттім. Алла ұлық, ниетіңе қарай бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті