Жаңалықтар

«Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

«Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Фото: Қорғаныс министрлігі 07.09.2024 03:21 574

Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтің басшылығымен басқару органдары, құрамалар мен бөлімдердің «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери маневрлер Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» оқу полигонының базасында өткізіледі. Оған «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері және  тікелей бағыныстағы 54380 әскери бөлімі қатысады.

Оқу-жаттығу әскери қызметшілердің далалық жағдайдағы дағдыларын арттыруға, әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіруге және командирлердің жеке құрамды басқарудағы тұрақты тәсілдерін дамытуға бағытталған.

Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, нақты ұрыс қимылдарына жақын жағдай модельденгенін айта кету керек. Сонымен бірге әскери қызметшілердің бойында кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған жаттығуларды моральдық-психологиялық қамтамасыз ету жұмыстары да ұйымдастырылды,-делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетсек, «Айбалта-2024» оқу-жаттығуы кешенді сабақтарды ұйымдастыру арқылы екіжақты форматта алғаш рет өткізілуде. Маневрлерге 3000-нан астам әскери қызметші және 800-ден астам қару-жарақ пен әскери техника тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға