Жаңалықтар

«Аяздың беті қайта ма?». Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Аяздың беті қайта ма?».  Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.02.2024 13:27 16134

«Қазгидромет» 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайтады.Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша, республиканың қалған бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін жоғарылайды; шығыста түнде 12-22 ℃ аяздан 23-38 ℃ аязға дейін төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 ℃ аязға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға