Аяқ-қолым істемей, өліммен арпалыстым - Мұрат Қожа
Белгілі эстрада әншісі "Нұрлан мен Мұрат" дуэті мен "Каспий" тобының бұрынғы мүшесі Мұрат Қожа біраз уақыт бойы сахнадан қол үзіп қалуының себебін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алла сүйікті құлдарын сынайды дейді ғой. Кейде “Алланың назарында жүрмін ғой” деп жұбататын кездерім болды. Менің ауруымды ешкімге тілемеймін. Өлім мен өмірдің арасында арпалыстым. Аурулар болады, оны жеңе алмайтыныңды түсінесің. Мен түсініксіз аурумен ауырдым. Аяқ-қолым істемейді, диагнозы жоқ. - деді әнші “Ұйқым келмейді” бағдарламасында.
Ол Алматы мен Астанадағы барлық дәрігерге барғанын айтты. Ешкім білмейді. Ең соңында екі қолымды көтерген сияқты болдым. Осымен Аллаға ғана табыстаймын дедім. деп отыр.
Карантин басталып жатқан кез, имамдарға видеомен хабарласып, дұға оқып, дем салуларын сұрадым. Маған берілген үлкен сынақ екенін түсіндім, Аллаға жалбарындым. Өз қолыңмен ештеңе ұстай алмай, аяғыңмен жүре алмау өте қиын екен, - дейді Мұрат Қожа.
Ол осы дертпен екі жыл ауырған.