«Аяқ-қолы өсіп кетпейді ғой?!». Депутат мүгедектікті 2-3 жыл сайын дәлелдеуді тоқтатуды сұрады
Фото: ©pixabay.com
Фото: ©pixabay.com
18.03.2024 15:02
782
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елімізде мүгедектікті дәлелдеу процесі ұзақ екенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ринат Зайытов денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға қойған сауалында мүгедектердің мәселесін жедел шешуді өтінді.
Сөзінше, шағым айтқандардың қатары көбейген.
Айта-айта шаршаған мәселеміз – мүгедектікке шығару. Осыны бір жақты қылыңыздаршы, құдай үшін. Айтып шаршадық. Қолы жоқ, аяғы жоқ адам неге 2-3 жыл келіп, мүгедектігін дәлелдеуі керек. Оның аяқ-қолы өсіп кетпейді ғой. Осыны түсіну қиын емес шығар, - дейді Зайытов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды