Жаңалықтар

Аяна Жолдас әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Аяна Жолдас әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 30.03.2025 07:30 476

Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасындағы жекелей сында қатысқан отандасымыз Аяна Жолдас 74.82 ұпаймен он екінші орыннан көрініп, ақтық бәсекеге жолдама алды. Сондай-ақ ерлер арасында бақ сынаған спортшыларымыз Асылхан Асан (97.50 ұпай) 16-шы, Дінмұхаммед Райымқұлов (97.20) 18-ші, Шерзод Хаширбаев (95.88) 19-шы және Уланбакир Умурзаков 24-ші орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, чемпионатқа 10 елден 45 үздік атлет қатысып жатыр. Финалдық сайыстар ертең өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға