Аягөзде жоғалған 8 жасар бала табылды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
12.02.2024 00:14
2930
Абай облысында жоғалған бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Бала Аягөз қаласының шегінде, қаланың шет жағынан табылды, медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖД бөлімшелері тұрақты орналасу орындарына қайтады.
Айта кетейік, 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді. Таңертең атпен үйден шығып кеткені белгілі болған еді.
Баланы іздеуге полицияға көмек ретінде әскери қызметкерлер келді.
Іздеу радиусы ұлғайтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты