Жаңалықтар

Аягөзде әскери қызметшінің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аягөзде әскери қызметшінің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.09.2024 17:10 543

Аягөзде әскери қызметшінің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев айтты.

Аягөз гарнизонында болған жағдайға келетін болсақ, шақырту бойынша 2 жылға келген әскери қызметші. Офицер 6 қыркүйек күні тізімге енді. Ол далалық жұмыстармен байланысты емес қаржы қызметіндегі лауазымда болды. Көшуіне байланысты барлық өтемақы төленді. Күні кеше ол әкесімен сөйлескен. Әскери қызметке байланысты шағым түсірмеген. Қазір қандай да бір болжам айта алмаймыз, - деді Тілеухан Басхожаев БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Басхожаев бұл оқиға бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұған дейін Аягөзде тағы бір әскери қызметкер көз жұмғаны мәлім болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға