Жаңалықтар

Ай соңында eGov.kz порталы қызметін тоқтатады

Ай соңында eGov.kz порталы қызметін тоқтатады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.02.2024 11:15 583

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;

- egov mobile мобильді қосымшасы;

- «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;

және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.

 Айта кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға