Жаңалықтар

«Ай сайын 50 миллион төлейміз» деген: Айнұр Тұрсынбаева сіңлісінің туған күнінде ерекше естелікпен бөлісті

«Ай сайын 50 миллион төлейміз» деген: Айнұр Тұрсынбаева сіңлісінің туған күнінде ерекше естелікпен бөлісті
Фото: instagram.com/ardasha10 12.10.2023 15:26 29631

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған сіңлісі Ардақты туған күнімен құттықтап, екеуінің Меккеге барғандағы қызықты оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туған сіңлім уағыз айтатын баланың миын ағызып, бір уағыз айтса 10 сұрақ қойып есін шығарды. «Осындай хадис шынымен бар ма, сен өзің оқыдың ба, жоқ, біреуден естідің бе, Құранның қай бетінде жазылған?» деген сұрақтарды естісе, кез келген адам шаршайды ғой. Ана бала сол жұмысқа қайдан кіріп едім деп өкініп кеткен сияқты болды, бізге бір шыдамды баланы жіберіпті, - деп жазды Тұрсынбаева.

Оқи отырыңыз:

Одан қалды ақын сіңлісінің киіміне шүйліккенін де алға тартты.

Меккеге алғаш барып, өзі үшін, қайтыс болған апамыз үшін екі рет кіші қажылық өтеді. «Орамалды шешейін бе, тағайын ба?» деп бес күн ойланып, шешіп тастағаны болмаса, бәрі жақсы. Орамалдың жауапкершілігі оңай емес қой, соны ойласа керек... Маған «сен мүлде видео түсіре алмайсың» деп қайта-қайта ренжіп бәле болды. Сосын «неге бір көйлекті шешпейсің?!» деп ұрысты. Қорыққанымнан бір көйлек алып киіп ем, «ой анауыңды кие берші, мынауың одан да жаман екен» көңілі түсіп кетті, - деді ақын.

Айнұр сіңлісінің жұмыстағы табысы туралы да тілге тиек еткен. Желілік компанияның әлемдегі үздіктерінің бірі екенін де қоса кеткен.

Бір ерлігін айта кетейін! 2019 жылы Ардаққа бір американдық компания келді, «ай сайын 50 миллион төлейміз, 5 айдың ақшасын, яғни 250 миллионды бірден төлейміз, біздің компнияны көтеріп беріңіз» деді. Сонда Ардақ өзінің командасын тастай алмайтынын айтып, қомақты ақшадан бас тартты, - деп еске алды алды айтыскер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға