Жаңалықтар

Автотұрақтарды цифрландыру: бір жылда экономикаға 20 млрд теңгеден астам кіріс әкелді

Автотұрақтарды цифрландыру: бір жылда экономикаға 20 млрд теңгеден астам кіріс әкелді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.02.2025 14:55 96

Қазақстанда көлік индустриясында цифрлық технологиялар енгізілуде, бұл ашықтықты қамтамасыз етуге және кірістерді ұлғайтуға ықпал етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нақтырақ айтқанда Parqour компаниясы еліміздегі 200-ден астам автотұрақты, соның ішінде базарларды, әуежайларды, СОО, бизнес-орталықтар мен қонақүйлерді цифрлық даму платформасына қосты, бұл 2024 жылы тұрақ кірісінен ресми түрде экономикаға 20 млрд теңгеден астам табыс әкелді.

Атап айтқанда, цифрлық технологияларды енгізудің арқасында тек «Қорғас» ХШЫО-да тұрақ табысы айына 200 мың теңгеден 20 млн теңгеге дейін, Астана халықаралық әуежайы 30 млн теңгеден 150 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Parqour Қазақстан, АҚШ, БАӘ, Швейцария, Индонезия, Өзбекстан, Польша, Ұлыбритания, Тәжікстан және Әзербайжан нарықтарында белсенді. Жобаны Канада, АҚШ және Еуропадан $3 млн-ға венчурлік қорлар қаржыландырды. Төрт жыл ішінде компания АҚШ-тан бастап, Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі әлемнің 25 елінде 500-ден астам автотұрақты автоматтандырды. Маңызды жобалардың қатарында Астана және Алматы, Баку, Бішкек, Анталия әуежайлары, АҚШ-тағы муниципалды әуежайлар бар.

Біз өз технологиямызды ақылы жолдарда қолдана аламыз, детекция деңгейін арттырып, осы саладағы шығындарды оңтайландырамыз. Біздің технологияларды Ұлттық парктерде көлік ағындарының ашықтығын арттыруда, шекаралық БӨП-ті автоматтандыруда пайдалануға болады. Біз муниципалды автотұрақтардағы кірісті 2-3 есе ұлғайтуды және қала тұрғындарына ыңғайлы орта мен қызмет көрсетуді арттырудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз,— деп атап өтті Үкімет отырысында «Parqour» компаниясының негізін қалаушы Әмірхан Омаров.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов осы технологияларды көлік индустриясының басқа да бағыттарында кеңейту мәселесін зерделеуді және отандық әзірлеушілерді қолдауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға