Жаңалықтар

Авторлық құқықты бұзушы сайттар қалай жазаланатыны белгілі болды

Авторлық құқықты бұзушы сайттар қалай жазаланатыны белгілі болды
Фото: El.kz 11.05.2023 11:52 931

Сенаттың жалпы отырысында депутат Бауыржан Қаниев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкіліне авторлық құқықты бұзушы сайттар жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқықты сақтау мен қорғау бойынша ынтымақтастық туралы келісім қаралды. Бұл мәселе бойынша сенатор Бауыржан Қаниев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкіліне сұрақ қойды.

Депутаттың сөзінше интернет кеңістігі өте ауқымды. Оған әлемнің кез келген мемлекетінен қалаған аппаратпен материалдар таратуға болады.

Егер авторлық құқықты бұзушы сайттар қазақстандық емес, яғни басқа болса, онда күрес қалай жүзеге асырылады? Олар тек қазақстандық тұтынушылар үшін бағыттала ма, әлде толығымен жойыла ма? Халықаралық деңгейде бұұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр?, – деді депутат.

Аталған сауалға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жауап берген. Ол интернет авторлық құқықтың бұзылуына қарсы халықаралық деңгейдегі ең негізгі құралдың бірі екенін атап өтті.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы бар. Қазақстан осы ұйымның мүшесі. Елімізде интернет желісіндегі авторлық құқықтарын қорғау туралы арнайы заңнама бар. Осы аталған заңнама бойынша құқық иелері құқық бұзушылардың сайттарының қай жерде орналасқанына қарамастан, ел аумағында өз құқықтарын қорғауға құқылы. Мәселен олар сотқа жүгіне алады, – деді вице-министр.

Осы ретте құқық иелері соттың шешімін алып, интернет провайдерлер құқық бұзылған сайттың қазақстандық немесе шетелдік екеніне қарамастан, оның жұмысын блоктай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға