«Автоөнеркәсіптің артында бір топ лоббистер тұр». Ермұрат Бәпи утильалымға қатысты шындықты айтты
Мәжіліс куларында депутат Ермұрат Бәпи утильалымға қатысты пікір білдір, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, «қазақстандық автоөнеркәсіп» дегеннің артынла өз мүддесін қорғайтын бір топ лоббистер тұр. Автопромда бизнес, бизнестің артында оны мүдделі қылған азаматтар бар деп отыр.
Әрине, құрастырылып жатқан көліктер әзірше автопром емес. Алып келген бөлшектерді бір-біріне жалғау автопром болмайды. Десе де, бірдеңеден бастауымыз керек. Біртіндеп автопром болармыз. Осы тұрғыда автоөнеркәсіп мәселесінің мүддесін қорғау керек. Бірақ оны қоғамда қалыптасқан жағдаймен санаса отырып істеу керек. Қазіргі жағдайдың өзі теңселіс тудыруда. Атқарушы билік осы мәселені көтеріп жатқан азаматтардың талабын ескеріп, мәмілеге келіп, комиссия құрып, екіжаққа тіпті үшжаққа да ыңғайлы нұсқа табу қажет, – деді Бәпи.
Мәжілісмен утильалымға қатысты қоғамның талабын дұрыс деп санайды.
Олардың көтеріп отырғаны азаматтық бастама. Бірақ бұл мәселенің бәрін Президент шешеді деп ойлаймын. Мемлекет басшысына жақын арада утильалымға қатысты нақты жан жақты қамтылған мәлімет түседі. Соның негізінде Президент өзінің нұсқауын Үкіметке береді, – деді Ермұрат Бәпи.