Жаңалықтар

Автомобиль технологиясы туралы 5 факт

Автомобиль технологиясы туралы 5 факт
Фото: © Pixabay.com 22.01.2024 19:00 2710

Автомобиль технологиясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Оның саны де көбейіп, түрленіп жатыр. Жанармайсыз жүретін көліктердің дәурені басталып, тіпті жүргізушісіз темір тұлпарлар сынақтан өткізілуде. El.kz ақпарат агенттігі осы автомобильдер туралы қызықты ақпараттар ұсынады.

1. Пилотсыз автомобильді өткен ғасырдың басында құрастыруды көздеген

1921 жылы Radio Corporation of America компаниясы радиоаппаратпен басқарылатын құрылғыны көрсетті. Алайда бұл нұсқа бүгінгі пультпен жүретін ойыншық машинаны көп еске салады. Бірінші толық автоматтандырылған автомобильді 1977 жылы жапондық Цукуба университетінде құрастырды. Ол бар болғаны 30 км/сағ

жылдамдықпен жүре алатын еді. Қазір технология дамып жатса да, бірде-бір компания мұндай транспортты қолданысқа шығарған жоқ. Тек пилотсыз автотұрақ немесе жылдамдығы автоматтандырылған жүйе секілді кейбір элементтерін іске асырып жатыр.

2. Электромобильдер бірнеше минутта қуаттандырылады

Адамдар аз ғана уақытта қуат алатын смартфондарға үйреніп қалды. Жақын уақытта бұл үрдіс автомобильдерге де жетуі мүмкін. 2021 жылы швецариялық АВВ компаниясы әлемдегі ең жылдам зарядты станцияны таныстырды. Компанияның мәліметінше, электрокарлар толық зарядталуы үшін он бес минут жеткілікті. Ал артық 100 шақырымды қамтамасыз ету үшін үш минут заряд алса болғаны.

3. Круиз-бақылауды ойлап тапқан адам тәжірибесіз жүргізушісіне көмектескісі келген

Круиз-бақылау жүргізушіге ұзақ уақыт бір жылдамдықты ұстап отыруға көмектеседі. Аңызға сүйенсек, оны жасап шығарған өнертапқыш Ральф Титорды жеке жүргізушісінің көлік айдауы итермелеген. Оның сөйлесіп жатқанда көлікті жай жүргізгені жүйкесіне тиген. 1948 жылы өнертапқыш автомобильді тұрақты жүргізуге септігін тигізетін жүйені патенттеді. Заманауи круиз-бақылау берілген жылдамдықты ұстап отырудан бөлек, қимылдың траекториясын бақылап, басқа көліктермен дистанцияны сақтауға көмектеседі.

4. Қауіпсіздік көпшігі азот негізінде жұмыс жасайды

Джон Хетрик қауіпсіздік көпшігін алғаш ойлап тапқан адам. 1953 жылы оның тығыздалған ауасы бар нұсқасы көпшіліктің қатты қызығушылығын туғыза қойған жоқ. Себебі, көпшік тез ашыла қоймайтын еді. 1964 жылы жапон инженері Ясузобуро Кобори натрий азиді (азоттан алынатын) негізінде көпшік ойлап тапты. Соққы кезінде бергіш (датчик) белсенді заты бар таблетканы жағады да, көпшікті атып шығарады. Оған бар болғаны 20–50 миллисекунд уақыт жұмсалады.

Бұл технология уақыт өткен сайын жаңарып келеді. Қазір адам өмірін сақтап қалатын көпшікті көлік апатының қатты-жайлығына байланысты шығаруды қарастырып жатыр. Яғни, жай соғысқан көлікте ол барынша атып шықпайды.

5. Алдыңғы әйнек жақын уақытта шынайылық дисплейіне айналады

2021 жылдың аяғына қарай WayRay стартабы алдыңғы әйнегі шынайылыққа толы Holograktor автомобилін таныстырды. Ол ортасында фотополимерлік дисплейі бар екі қабаттан тұраджы. Яғни, бұл монитор ғана емес, жолды көріп отыруға болатын қарапайым терезе. Сонымен қатар, ол арқылы жүргізушіге арналған хабарламаны көруге, картаны қарауға, көңіл көтеретін контентті және жарнаманы тамашалауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға