Жаңалықтар

Автомектептерде жүргізуші куәлігін алу емтихандары қатаңдайды

Автомектептерде жүргізуші куәлігін алу емтихандары қатаңдайды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 03.10.2023 12:43 974

Енді емтихан тапсыру процесі онлайн трансляция арқылы бақыланады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Автомектеп» ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Осылайша, тізімдерді түзету мүмкіндігі алынып тасталады. Енді түзетулердің екінші пакеті әзірленді. Дайындық курстарын аяқтау туралы куәліктерді және медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшіру жоспарлануда. Сонымен қатар, жүргізушілердің өзін-өзі даярлаудан бас тарту мәселесі пысықталуда. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдер енгізілуде, - деді Марат Қожаев.

Қожаевтың айтуынша, 5,5 млн. астам жол ережесін бұзғандар анықталды.15 мыңға жуық «мас» жүргізуші ұсталды. Соттармен 9 мың жүргізуші басқару құқығынан айырылды. 15 мың адам әкімшілік қамауға алынды. 215 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған.

Қазір жолдарда жол ережесін бұзуды автоматты түрде тіркейтін 22 мың камера бар. Олар барлық бұзушылықтың 50 пайызын тіркейді. Астана мен Шымкентте бұл көрсеткіш 70 пайызға жеткізілді. Алайда, еліміздің көлемінде олардың саны өте жеткіліксіз. Ұлытау мен Жетісуда барлығы 29 камерадан бар. Қостанай (128), Ақмола (126), Батыс Қазақстан (109), Қызылорда (97), Солтүстік Қазақстан (89) және Павлодар (74) облыстарында камера саны 150-ден аз, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға