Жаңалықтар

Автобус шұңқырға құлады: іздеу жұмыстары жалғасуда

Автобус шұңқырға құлады: іздеу жұмыстары жалғасуда
Фото: ҚР ТЖМ 15.01.2024 20:33 1005

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарының орнында техникамен автобус құлаған жерге өту үшін бағаналық жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 20 ауыр техника тәулік бойы жұмыс істеуде.

Жұмыс барысында барлығы 180 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Жұмыстар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде. Шұңқырдың ортасына жақындаған кезде, үйінді топырағынның сырғуына байланысты қауіп бар, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Топырақтың жылжуын уақтылы анықтау үшін құлау аймағына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, 1 кинологиялық есептоп және 2 ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға