Автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты
![Автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты Автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/142022/1200xauto_kBBvJvlMBusk7npvwaVC4ldAYHNH6Arfp4LGQTUr.jpg)
Фото: Johan Ordóñez/AFP/Getty Images
Фото: Johan Ordóñez/AFP/Getty Images
11.02.2025 17:17
151
Гватемалада жолаушылар автобусы көпірден құлап, салдарынан кем дегенде 55 адам қаза тапты. Бұл туралы The Guardian-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апат кезінде лық толған автобус ішінде 70-тен астам адам болған. Автобус Сан-Агустин-Акасагуастлан қаласынан ел астанасына бара жатқан. Өрт сөндіру бөлімі автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, бірнеше көлікке барып соқтығысқан.
Оқиға орнында 53 адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханада көз жұмған.
Гватемала президенті Бернардо Аревало үш күндік аза тұту туралы жариялады.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды