Жаңалықтар

Автобус апаты: қайтыс болғандарға өтемақы төлене ме

Автобус апаты: қайтыс болғандарға өтемақы төлене ме
Фото: aikyn.kz 04.01.2024 09:45 1364

Алматыдағы автобус апатынан қайтыс болғандардың туыстары автобус паркі өтемақы төлесін деп отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған ерлі-зайыпты Талап Қосымов пен Гүлжахан Жетпісбаеваның туысы Сүйінбай Оңалбекұлының айтуынша, артында қалған төрт бала несиеге алынған үйде тұрып жатыр. Автобус паркі сол ақшаны өтеп берсе, балалар баспана үшін алаңдамайтын еді деп отыр.

Сақтандыру компаниясының мамандары қаза тапқандардың туыстарының талабы орынды екенін жеткізді.

Келтірілген залалды төлеп беруі тиіс. Адам қайтыс болғанда 2000 АЕК, І топтағы мүгедек болса 1600, ІІ топтағы мүгедектік үшін 1200, ІІІ топқа 500 бала мүгедектік алса болады, - деді "Еуразия" СК атқарушы директоры Гүлнәз Мұхтарова.

Автобус паркі көліктің иесі болғандықтан өзінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыруы тиіс. Мамандар сот шешімі шыққаннан кейін қайтыс болғандардың жақындары азаматтық сотқа арызданып, сақтандыру компаниясына жүгіне алады дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға