Жаңалықтар

Австралия аспанында көз ілеспес жылдамдықпен метеор ұшып өтті

Австралия аспанында көз ілеспес жылдамдықпен метеор ұшып өтті
Фото: pixabay.com 21.05.2023 22:17 1020

Австралия аспанында метеор көз ілеспес жылдамдықпен ұшып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Квинслендтің аспаны кенеттен жасыл, одан кейін сары түске боялған. Мұндай түс әдетте метеор атмосфераны бойлай өткенде пайда болады. Одан соң ақпа жұлдыз жарылып, қатты гүрсілмен жерге құлаған.

Крэнстен 500 шақырым қашықтықта орналасқан кішігірім Кройдон қалашығының тұрғындары да қатты дауысты естідік деп отыр.  

Австралия ұлттық университетінің астрофизигі доктор Брэд Такер тастың көлемі 0,5 мен 1 метрге дейін, бұл метеорды орташа көлемде деуге келеді. Метеордың жылдамды сағатына 150 000 шақырымды құрағанын айтты, - деп жазды Guardian Australia басылымы.

Ғалымның пайымдауынша, метеорлардың басым көпшілігі тас көлемдес болады. Бірақ құлағанға дейін жасыл түстес болуына темір мен никель фрагменттерінің қызып кетуі әсер етуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға