Жаңалықтар

Авиаторлар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Авиаторлар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Азаматтық авиация комитеті 02.08.2024 04:37 767

Көлік министрлігінде көлік қызметкерлерінің алдағы кәсіби мерекекелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шарада  ел Президенті, ведомство басшысының атынан азаматтық авиация қызметкерлері  Алғыс хаттармен және "Құрметті авиатор" төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті ұсынған мәліметке сүйенсек, Президент Алғыс хатымен Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов бастаған бірқатар сала қызметкерлері марапатталды. Ал Көлік министрінің Құрмет грамотасына Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің стратегиялық даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл департаментінің аға директоры Жанна Шек, Аэронавигациялық ақпаратты басқару департаменті директорының орынбасары Данияр Нарбеков, Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Бауыржан Өміралиев ие болды.

"Құрметті авиатор" төсбелгісі Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бас директорының орынбасары Дархан Еспотановқа, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшуға жарамдылық департаментінің директоры Аслан Сатжановқа табысталды.

Бұдан өзге Көлік қызметкерлерінің күніне орай Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ "Павлодар Әуежайы" АҚ-ның бірқатар қызметкері жанып жатқан үйден адамдарды құтқарғаны және өртті жойғаны үшін министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетсек, Көлік қызметкерлері күні тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол ресми мәртебеге ие және Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға