Жаңалықтар

Ауыр соққы алған боксшы комада жатыр

Ауыр соққы алған боксшы комада жатыр
Фото: © Getty IMAGES 02.06.2023 18:18 871

Жартылай жеңіл салмақ (57,2 кг) өкілі оңтүстік африкалық боксшы Лудумо Ламати (21-1-1, 11 КО) комада жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Былғары қолғап шебері британиялық Ник Боллдан (18-0, 11 КО) ұтылған болатын. Ламати Боллдан төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілді.

Бокс кеші 27 мамыр күні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтті. Былғары қолғап шеберлері жартылай жеңіл салмақта WBC Silver атағын сарапқа салды.

Промоутер Фрэнк Уорренның (Queensberry Promotions) айтуынша, боксшының миына қан құйылып, оған шұғыл түрде операция жасалған. Қазір ол табиғи комада жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға