Жаңалықтар

Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Ауыр қылмыс жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура 30.12.2024 12:01 397

Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2021 жылдың наурыз айында ауыр қылмыс жасаған.

Күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде өзара араздық салдарынан жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген жасаған соққылар салдарынан жәбірленуші қайтыс болды. Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған, - делінген мәліметте.

Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.

Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды, - деп қосты прокуратура.

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырыған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға