Жаңалықтар

«Ауыр, мен оны қайталағым келмейді». Ләйлә Сұлтанқызы мәлімдеме жасады

«Ауыр, мен оны қайталағым келмейді». Ләйлә Сұлтанқызы мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/sultankyzy 17.01.2025 18:38 179

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы биылғы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылды құдайдың қалауымен жеңісті, жемісті қылғым келеді. Енді ешбір жерде Қайрекең жайлы жазбаймын, архивпен де бөліспеймін деп шештім. Әулетіміздің азаматы, жарым, балаларымның әкесінің есімі тек шаңырағындағы дастарханда ғана айтылып, еске алынғанын қалаймын. Бастысы, біздің ниетіміз бен ішкі сезімдеріміз Аллаға аян. Ұлдарымды да сирек көресіздер. Себебі, екеуі ержетіп, ес жиып қалды. Жеке шекарасы, өз ойы бар азаматтар. Құндылықтары да басқа. Сондықтан тек олардың рұқсатымен ғана, - деп жазды тележүргізуші.

Ол анасымен көбірек уақыт өткізуге тырысатынын да алға тартты.

Анам - менің жүрегім. Бос уақытымның көбін Дишинкама арнаудамын. Барынша жарқын сәттер, естеліктер, фото/видео көп болса деген ойым ғана… Анам өз анасының фотосын таппай, көзі мөлдіреп, тамағына өксік тығылған талай сәт есімде. Ауыр… мен оны қайталағым келмейді. Сол үшін Дишинканы желіден жиі көресіздер, - деп қосты ол.

Сұлтанқызы жеке өмірін де құпияда ұстайтынын тілге тиек етті.

Жеке өмірге келетін болсақ, жеке өмір «жеке өмір» болып қала береді. Бәрі бір Алланың қолында. Мен бұрынғы стереотиптің адамы емеспін... Сіздерден бір сұрарым, кеудеміздегі жұдырықтай жүрегімізді негативтен аулақ ұстайықшы. Маған да жан тыныштығы керек, - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға