Ауыр атлетикадан Азия чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды
Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Мадина Астамирова федерацияның бірінші вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичтің бұйрығымен Астамирова Мадина Нұржанқызы Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды, - делінген мәліметте.
Мадина Астамирова – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан рекордшысы, 2010 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2011 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионы.
Сонымен қатар 2023 жылдан бері Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы қызметін атқарып келеді.