Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қоржынымызға алғашқы медаль түсті
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
05.05.2023 15:52
980
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан басталған құрлықтық біріншілікте қазақстандық Арли Чонтей қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Қытайдың екі өкілін алға жіберіп, үшінші орынға табан тіреді. Серпе көтеруде Арли 117 кг салмақты басынан асырып, теңдессіз атанса, жұлқ көтеруде 141 кг-мен 4-орынға ие болды. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 258 кг салмақты еңсеріп, қола жүлдегер атанды.
Арли Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды (116+144=260 кг). Ал 2020 жылы Ташкентте чемпион атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда мәдениет үйінің есепшісі 13 млн теңге жымқырған
Келесі жаңалық
Алматыда ҚМА Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті