Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 04.02.2024 02:10 995

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстанның атынан Айнұр Абдықалықова бақ сынасты. 45 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жұлқа көтеруде 62, ал серпе көтеруде 75 келіні бағындырып, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 137 келімен 4-орынға табан тіреді. Аталған салмақта бірінші орынды Солтүстік Корея спортшысы Вон Сим Хюн 192 кг (86+106) жеңіп алды. Ал екінші орын таиландық ауыр атлет Сиривимон Прамонгхолға бұйырды 163 кг (72+91). Жүлделі үшінші орынғанн Тайпей спортшысы Хонг Зи-Ю 162 кг (72+90) ие болды. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға