Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Алексей Чуркин қола медаль алды
Колумбияда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz
10.12.2022 10:44
934
Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алексей Чуркин Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 73 келі салмақта 343 (150+190) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Алтын және күміс медаль Индонезия өкілдері Фрахмат Абдулла – 352 келі (152+200) мен Ризки Джуниясьяға – 347 келі (155+192) бұйырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде мыңнан аса адам коронавирустан емделуде