Ауыр атлетика: қоржынымызға Азия чемпионатының тағы екі медалі түсті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
13.05.2023 03:25
1629
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы қоржынына тағы бір күміс, бір қола медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, 109 келідегі Артем Антропов пен Андас Самарқанов жүлдегер атанды. Құрлық біріншілігінде Артем күміс, Андас қола жүлде алды.
Артем Антропов 2000 жылдың 23 қаңтарында дүниеге келген. Бұған дейін ересектер арасында 2020, 2022 жылдары Азия чемпионы атанса, 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы болды.
Ал Андас Самарқанов ересектер арасындағы бәсекеге тұңғыш рет қатысып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанған еді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 400 келіні еңсерді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды