Жаңалықтар

Ауылға барған дәрігерлерге 10 млн теңге жәрдемақы төленеді - Ерлан Қошанов

Ауылға барған дәрігерлерге 10 млн теңге жәрдемақы төленеді -  Ерлан Қошанов
Фото: El.kz 16.03.2023 21:26 1302

«Amanat» саяси партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бір жарым миллион жас азамат жұмысқа орналасады. Ауылға барған жас дәрігерлерге 10 миллион теңге жәрдемақы төленеді. Мектеп түлектері аттестатпен бірге жаңа мамандық алып шығады. 300 мың сәби балабақшамен қамтамасыз етіледі. 300 жаңа мәдени нысан бой көтереді. Біз береке-бірлікті, ұлтаралық татулықты көздің қарашығындай сақтаймыз. Ұлттық дәстүр мен отбасы құндылығын дәріптейміз. Әр азамат мемлекеттік тілді білуі қажет», - деді «Amanat» саяси партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға