Жаңалықтар

Ауылға баратын жас мамандарға 10 миллионға дейін көмек берілсін - депутат

Ауылға баратын жас мамандарға 10 миллионға дейін көмек берілсін - депутат
Фото: parlam.kz 27.03.2024 14:48 933

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ауылдардағы тіршілікті жандандыруға болатынын айтып, жас мамандарды ауылға тарту бойынша депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл әр қазақтың алтын бесігі. Ауылдарды дамытамыз десек ауыл шаруашылығын қажетті мамандармен қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні неге ауыл шаруашылығы мамандары тапшы, неге олар ауылдық жерлерге жұмысқа бармайды? Бізде  «агроном» және «ветеринар» мамандықтарын 13 жоғары оқу орны ұсынады екен. Ауылдардан жоғары оқу орындарына түсетін мамандар үшін квота санын көбейту керек. Қазақстанда 119 жоғары оқу орны бар. Дегенмен, университеттердің жеткілікті санының болуына қарамастан  «ауылдық» квота санында айтарлықтай алшақтық бар, басқаша айтқанда, студенттердің арасынан әрбір төртінші студент қана диплом алады. Және олар жыл сайын өзінше жұмысқа орналасады.  Қорытындысында көңіл толарлықтай нәтиже болмайды, - дейді Таңсәуле Серіков.

Түлектердің көпшілігі алған біліктілігіне сәйкес келмесе де қалалық ортада жұмыс істеуді қалайды, Мамандардың ауылдық жерлерге бармау себептері ауылдардағы тұрмыс, ақпараттық технологиямен қамтамасыз етілмеуі, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дұрыс жетілмегендігі болып табылады. Түлектердің жұмыс істеуге қызығушылық танытпауының негізгі факторлары осылар.

2023-2025 жылдарға жас мамандар үшін ауылдық жерлерде жұмыс игілігін жалғастыру үшін «Жастар» бағдарламасына қолдау көрсету қызметі» бастамасы қабылданды. Жас мамандарды ауылды жерге тартты. Бірақ бұл шаралардан жақсы нәтиже көріп тұрған жоқпыз. Түлектер ветеринар, агроном мамандықтарына оқуға түскенімен бір екі курстан соң басқа мамандыққа немесе басқа оқу орындарына ауысып кетеді немесе сол мамандықпен оқу бітірседе ауылға барғысы келмей, қалада мүлде басқа салада жұмыс істейді.

Оқу бітірген мамандардан ауылға барасың ба десең, ауылда не істеймін, ауылда дұрыс жағдай жоқ деген жауап аласың. Телеарналардан көрсетілетін дамыған ауылдар бірен саран ғана. Мамандарды ауылға тарту үшін, ауылдық агроөнеркәсіпті, ветеринарияны, мал шаруашылығын дамыту үшін, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық жабдық, қаржы, ақпарат және басқа ресурстармен қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар әр оқу орындарында мамандарды өз мамандықтарына оқытумен қатар еліне, жеріне, туған ауылына деген патриоттық, азаматтық борыштарын сезіндірер дүниелерді сіңіру керек. «Болашақ» бағдарламасымен ауылшаруашылық ғылымдарын оқытуға да көңіл бөлу керек, - дейді мәжіліс депутаты.

Таңсәуле Серіков ауылшаруашылығы мамандығына талпынған балаға, министрлік аудан бюджетінен қаражат берілуі тиіс деп есептейді. Және сол аудан, сол ауыл шаруашылығының бағытына сәйкес оқыту керегін атап өтті.

Сонда ғана сол ауданға керек маман оқу өтеуін жасап, сол ауылынан өткізсе, жастардың ауылына ерікті түрде барады. Тағы бір мәселе, ауыл шаруашылығына оқитын балаларды Астана, Алматы қалаларына ғана емес,  басқа да шаағын қалаларға, мысалы Тараз, Атырау, Қарағанды сияқты қалаларға жіберілсе, үлкен қалалардағы оқу орындарында орын жетіспеушілік мәселесі де шешілері анық, қай жағынан болсын. Сонда дұрыс бағыт болар еді, - дейді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, бүгінде жоғарыда аталған қолдаудың барлық түрлері жалпы айтылғанымен қол жетімді емес. Ауылға баратын мамандар ішінде агроном, ветеринар мамандары ерекше аталмаған.

Иә, ауыл алтын тұғырымыз, осы жердегі көптеген азаматтар бәріміз ауылдан түлеп ұштық. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деп ауылдың қамын, ауылдың намысын қорғайтын елміз. Ендеше сол ауылымызды көркейтіп дамытқымыз келсе, қажетті кадрларды, оның ішінде ветеринар, агроном мамандарын көптеп тарту керек және ауылға барар жас мамандарға жақсы жағдай жасалуы қажет. Ауыл гүлденбей, қала түрленбейтінін естен шығармайық, - дейді депутат.

Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты өз ұсынысын жеткізді:

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы оқыған ауылшаруашылығы мамандары тұрғын үймен толықтай қамтамасыз етілсін. Оларға берілетін көтерме ақы көлемі 10 миллионға дейін ұлғайтылсын және ерекше қадағалансын, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға