Жаңалықтар

Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады

2026 жылға дейін 165 ауылдық мектеп заманауи жабдықтармен жаңғыртылады
Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады
Фото: El.kz 13.09.2022 15:28 2526

«Қазақстан халқына» қорының ауылдық мектептерде материалдық-техникалық база деңгейін көтеру бағдарламасы сенімді серіктестерімен 17 облыстан жобаға қатысуға мүмкіндік алған 17 мектептің алғашқысының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды El.kz.

Ақмола облысы Қатаркөл ауылының 356 оқушысы бар Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 1 ай ішінде заманауи білім ордасына айналды. «Ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы әр мектепке 250 млн теңге көлемінде қаражат бөліп, тек техникалық жағынан ғана емес сонымен қатар әрқайсысына Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту техникасын енгізу мақсатын көздеп отыр.

2019 жылы «Білім беруді тұрақты дамыту» (FURO) қорының жеке-дара атқарып келе жатқан жобасы 2022 жылы «Қазақстан халқына» қорына мүше болу арқылы масштабы республиканы қамтитын болды. Бұл ретте қоғамдық әлеуметтік қордың басшысы Болат Жәмішев:

«Ауылдағы білім қаладан кем болмауы керек. Оқушылар бірдей мүмкіндіктерге ие болуға құқылы. Білім тек қана сабақ оқумен шектелмейді, бірінші кезекте балаларды қызықтыра білу керек. Сол үшін де біз заманауи технологияларды бастауыш сыныптан бастап үйретуіміз қажет. Және де еліміздің бірінші санаттағы зияткерлік мектептің стандарттарын қаладан тыс мектептерге әкелу арқылы халықты ауылда сақтап қала аламыз. Бұл тек оқушылар үшін ғана емес ұстаздар ішінде де үлкен мүмкіндік»  - деді.

Ізгі бастамаға «Aitas» холдингі, «Beeline Казақстан» және Назарбаев Зияткерлік мектебі сенім білдіріп, демеушілік жасаған.

Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады

Қоғам, үкімет және бизнес коллаборациясын қолдайтын «Aitas» холдингі жобаның әкімшілік шығындарын қаржыландырады. Аталмыш мектеп жобасы әлі де толыққанды аяқталмаған. Алда мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша 2 айлық курстар өткізіледі. Мектепте кабинеттер арнайы пәндер бойынша жабдықталған, интерактивті панельдер, жаңа құрылғылар және демонстрациялық материалдар орнатылған.

«Серіктестеріміздің арқасында ауылдық мектер осындай мүмкіндіктерге ие болып жатқандығы әрбірімізді қуантуда. Ойлағанымызды бүгін көзбен көрдік. Мақсатымыз жоғары деңгейде іске асты деген ойдамыз. Оқушылардың да білім алуға құштарлықтары артқандай» – деді «Aitas» холдингінің директоры және FURO негізін қалаушысы Серік Толықпаев.

Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады

«Beeline Казақстан» компаниясы жобаға 2 млрд теңге қаржы құйған. Жөндеу жұмыстарынан өтетін 17 мектептің 8-ін аталмыш компания материалдық тұрғыда жүзіге асыратын болады.

Назарбаев Зияткерлігі мектебі тәрбие жұмыстарына талдау жүргізіп, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру жұмыстарына жауапты. Әрбір маманға жеке консультациялық қызмет пен жаңа инфрақұрылымдарды үйрету жұмыстарын жүргізеді. Оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ақпарат көздерін үйрету арқылы баланың потенциалын ашуға мүмкіндік бермек. Ол үшін 100-ден аса тегін әлеуметтік ресурстармен бөлісетін болады. 

Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады

Мектеп директоры Серикбай Мусин әрбір мектеп осындай деңгейге көтерілсе дейді.

«Бізде 356 бала білім алады. Оған қоса, 2 жастан 5 жасқа дейін 75 бүлдіршін балабақшаға келеді. Ауыл үшін үлкен бір өзгеріс болды. Оқушылар жаңа оқу жылында мұншалықты жаңашылдық болады деп күтпеді. Түрлі түсті үстел-орындықтар мен заманауи технологияларды қызықтап бола алмай жатыр. Қуантатыны оқушылар сабақтан тыс уақытта да мектептен шықпай өздерін жаңа қырларынан дамытып жатыр. Ең бастысы өз еріктерімен. Ендігі демалыс күндері ашық есік күнін өткізіп, ата-аналарымызды мектепке шақырмақпыз», – дейді мектеп директоры.

Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады
Ауылдық мектептерді жабдықтауға 4,25 млрд теңге инвестиция құйылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға