Жаңалықтар

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Ауылдарда 163 мектеп салынады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.08.2023 16:24 3355

Бұл ұлттық жоба аясында жоспарланған оқу орындарының жалпы санының 44%-ын құрайды. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов педагогтердің республикалық Тамыз кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Сондай-ақ кеңес аясында көрме ұйымдастырылды.

Ауылдарда 163 мектеп салынады

11 мыңнан астам білім беру қызметкерлері қатысқан конференцияға Айманбетов «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Өз сөзінде ол жоба мектеп тапшылығы мен оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін кешенді түрде шешуге арналғанын атап өтті. Сондай-ақ апатты мектептер санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі барысында 2024 жылдың соңына дейін алғашқы 208 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Оның 86-сы (300 оқушыға арналған 39 мектеп және 600 орындық 47 мектеп) келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін есігін айқара ашады деп жоспарлануда. Сыйымдылығы 900-ден 2500-ге дейінгі қалған 122 жайлы мектеп 2024 жылдың соңына дейін тапсырылады, - деді ол.

Айманбетов мектептер бекітілген мерзімнен бұрын салынуы мүмкін екенін атап өтті. Нақты ақпарат мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға және өндірістік жұмыстар кестесін бекітуге тікелей байланысты.

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Бүгінгі таңда 194 мектептің мердігерлері анықталды. Оның ішінде БНАЖ-келісімшарттар 182 нысан бойынша жасалды, 12 мектеп бойынша тендерлік рәсімдердің нәтижелері бойынша апелляциялар берілді, олар қазіргі уақытта қаралуда. Келісімшарттар бір көзден 30 тамызға дейін 4 оқу нысанына жасалады. Жаңа тендер 10 мектеп бойынша жарияланды: 2 мектеп бойынша мердігерлер 10 қыркүйекке қарай белгіленеді, ал қалған 8 мектеп бойынша тендер рәсімдерінің нәтижелері 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі, - деді «Samruk-Kazyna Construction» басшысы.

Ауылдарда 163 мектеп салынады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға