Ауыл тұрғыны мемлекет қолдауының арқасында бөдене шаруашылығын дамытып отыр

Түркістан облысында ауыл тұрғыны мемлекеттік қолдаудың арқасында бөдене шаруашылығын дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тұрғыны Дәурен Сүлейменов өз кәсібін бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда ол бөдене шаруашылығын дамытып, экологиялық таза өнім өндіруде.
Кәсіп бастау оңай емес, бірақ мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үлкен көмек болды. Алғашқы қаражатқа 1 000 бас бөдене мен оны өсіруге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Бүгінде жаңа ісім жемісін беріп, тұтынушыларым көбейіп келеді. Күніне 600 дана жұмыртқа алып, дүкендерге өткіземін, – дейді кәсіпкер.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бөдене еті мен жұмыртқасына сұраныс артып келеді. Ауыл тұрғыны алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
