Ауыл шаруашылығында 21 млн тонна астық жиналды – Әлихан Смайылов
Биыл ауыл шаруашылығында 21 млн. тонна астық жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 2 есеге ұлғайтылған.
«Жанар-жағар майға 420 мың тонна бөлінді және ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру көлемі 145 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. 5,2 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Келесі жылы қосымша 5 млн. гектарды қайтару жоспарлануда», - деді ол.
Шағын несиелеу есебінен ауыл халқының табысын арттыру жоспарланып жатқанын атап өтті. Оған келесі жылға әзірше 70 млрд. теңге бөлінген.
«5 жылдың ішінде осы жобаға 1 трлн. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 1 млн.-нан астам ауыл тұрғындары қамтылады», - деді ол