Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы жануарларын елден әкетудің жаңа ережелері іске қосылады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді
Ауыл шаруашылығы жануарларын елден әкетудің жаңа ережелері іске қосылады
Фото: pixabay 31.12.2022 18:10 1919

1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан аумағынан әкетудің жаңа ережелері іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылдың 1 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі сандық шектеулерді (квота) енгізді:

- 60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге;     

- 120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.

1) 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60 000 (алпыс мың) басты құрайды, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

- тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың) бас.

6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит 120 000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

- тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

2) Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.

Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.

3) Жануарларды карантиндеу кезеңінің басталу және аяқталу күні мен уақыты және тауарларды әкетуге арналған квотаны бөлу Министрдің бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428 қаулысы.

4) Жануарларды карантиндеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға