Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 540 млрд теңге бөлінеді – Олжас Бектенов

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 540 млрд теңге бөлінеді – Олжас Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment 21.06.2024 11:51 477

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау Үкімет үшін өте маңызды және негізгі тірек нүктесі болып табылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз қазір қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса көңіл бөлеміз. Егер ауыл шаруашылығы бағытына тоқталсақ, біз осы саланы қаржыландыруды 4 есеге арттырамыз. Яғни 540 млрд теңге біздің ауыл шаруашылығы өндірушілерімізге бағытталатын болады.

Жаңа лизингтік бағдарлама бойынша 100 млрд теңге бөлінеді. Ауыл шаруашылығы техникасы туралы айтатын болсақ, біз импорттық техникаға берілетін қаражатты тоқтата тұрамыз. Біз өз бюджетіміз есебінен отандық өндірушілерді қаржыландыруымыз керек деп санаймыз, – деп мәлімдеді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға