Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан өңірлердегі ахуал туралы айтты

Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан өңірлердегі ахуал туралы айтты
Фото: Ауыл шаруашылығы министрі 12.04.2024 23:33 649

Бүгінгі күні су басу аймақтарында 102 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары  қауіпсіз аумақтарға эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде Қостанай облысында - 23 мың бас, Ақмола облысында - 22 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында - 20 мың бас, БҚО-да - 4,8 мың бас. Жұмыс қажеттілігіне қарай жалғасатын болады.

Өлген жануарлар бойынша

Залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссия жұмысынан кейін бүгінгі күні су тасқыны нәтижесінде қаза болған 6,8 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары расталғанына назар аударғымыз келеді. Жалпы өлімнің 75% -ы - ұсақ мал.

Министрліктің республикалық эпизоотияға қарсы жасағы облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда барлық мал өлекселерінің 96% жойылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және зардаптарды жою жөніндегі республикалық штаб өлген малдардың құнын өтеу алгоритмін бекітті. Өтемақы алу мақсатында иелері залалды актілеу үшін жергілікті Комиссияға жүгінуі қажет. Еске салайық, өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялайтын жануарлардың түрлері мен жас ерекшеліктері бойынша нарықтық құны туралы деректер негізінде айқындалады.

Сібір жарасы ауруының көмінділері бойынша

Еліміздің су басқан 3 облысында 10 сібір жарасы ауруының көмілген орны бар. Барлық учаскелерден топырақ сынамаларын алу үшін ветеринария және медицина мамандарынан тұратын арнайы жұмыс топтары жіберілді.

Әрбір сынама бойынша Республикалық ветеринариялық зертханада және Ұлттық ветеринариялық референттік орталықта ПТР зерттеулері және бактериологиялық зерттеулер жүргізілді. Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша сібір жарасының болуы анықталмады. Яғни, жер бетіне сібір жарасының спораларының шығуы болған жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Сондай-ақ, барлық өңірлерде сібір жарасы, қарасан, аусыл және басқа да аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарлы егу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді, - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Ерлан Тасболатов.

Жалпы, өңірлердегі ауыл шаруашылығындағы су басу жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында.

Біз тек ресми ақпарат көздерін пайдалануға және сенімсіз дереккөздердің тараған хабарламаларға сілтеме жасамауға шақырамыз. Су тасқыны кезіндегі күрделі уақытта барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді, соңғы жағдай туралы жедел ақпарат ресми платформаларда тұрақты түрде жарияланады, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға